423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Эмми» сыйлығына үміткерлер анықталды

  • 186
«Эмми» сыйлығына үміткерлер анықталды

АҚШ-та биылғы «Эмми» сыйлығына үміткерлердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы HBO-ның «Сақтаушылар» телехикаясы 26, комедиялық жанрдағы «Ғажайып миссис Мейзел» картинасы 20 аталым бойынша ұсынылып отыр. Ал Netflix қызметі номинация саны бойынша көш бастады. Ол 160 статуэткаға ие болуы мүмкін. «Эмми» сыйлығы осымен 72-рет табысталмақ. Салтанатты рәсім қыркүйекте Лос-Анджелесте өтеді. Шараның форматына қатысты әзірге ақпар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы