432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте президенттік сайлау нәтижелері жаңартылды

  • 745
  • UPD: 23:45, 10.08.2020
Беларусьте президенттік сайлау нәтижелері жаңартылды

Беларусь орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлаудың алдын ала қорытындысын жаңартты, хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко 80,08%, ал оның бас қарсыласы Светлана Тихановская 10,09% дауыс жинаған. Қалған 3 үміткердің әрқайсысының жинаған дауыстары 1%-тен асады. Ал, сайлауға қатысқандардың тағы 4,6%-і «Бәріне қарсымын» деп дауыс берген екен. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Светлана Тихановская орталық сайлау комиссиясынан саяси дода нәтижелерін заңсыз деп тануын талап еткен. Ол дауыстарды қайтадан санауға шақырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы