421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда мұздатылған тауық етінен коронавирус табылды

  • 196
  • UPD: 14:31, 14.08.2020
Қытайда мұздатылған тауық етінен коронавирус табылды

Қытайда Бразилиядан әкелінген мұздатылған азық-түліктен коронавирус анықталды. Қауіпті инфекция Бразилияның ең ірі ет комбинаттарының бірінде өңделген тауық қанатынан табылған.

Бұл туралы Шэньчжэнь қаласының ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілдері хабарлады. Осыдан кейін Бразилияның ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселені бақылауға алатынын мәлімдеп, мекеме қызметкерлерінің бәрін тестілеуден өткізді. Оның нәтижесі бойынша ешкім вирус жұқтырмаған. Бұдан бөлек сатылып кеткен тауарлар іздеп табылып, бәрі залалсыздандырылды.

Хабар 24 телеарнасы