420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус: Виктория штатында бір тәулікте 25 адам көз жұмды

  • 115
Коронавирус: Виктория штатында бір тәулікте 25 адам көз жұмды

Австралияда коронавирустан рекордтық өлім көрсеткіші тіркелді.

Елдің Виктория штатында соңғы тәулікте қауіпті инфекциядан 25 адам қайтыс болды. Тағы 279-сінен қатерлі вирус жұқтырғаны анықталды.

Естеріңізде болса, алдыңғы рекорд жақында ғана дәл осы өңірде тіркелген еді. Ол кезде COVID-19-дан 21 кісі бақилық болған-ды. Өз кезегінде Оңтүстік Жаңа Уэльс премьері «Руби Принцесс» лайнерінде вирустың таралуын тежей алмағаны үшін кешірім сұрады. Себебі тергеу нәтижесі көрсеткендей, наурызда денсаулық сақтау органдары 3 мыңдай адамның жағаға шығуына рұқсат беру арқылы үлкен қателік жасаған. Өйткені кейін дәл сол кемеде болған жүздеген жолаушыдан вирус табылды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін ел бойынша 23 мың 500 адамнан коронавирус табылды. 421 науқас көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы