428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейруттегі төтенше жағдай 18 қыркүйекке дейін ұзартылды

  • 101
  • UPD: 10:52, 18.08.2020

Ливан билігі Бейрутте төтенше жағдай режимін қыркүйектің 18-іне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтағы жойқын жарылыстан кейін екі аптаға жарияланған төтенше жағдай режимі бүгін аяқталуы тиіс еді.

Айта кетейік, оқиғадан шаһардың көптеген инфрақұрылымы зақымдалды. Олардың ішінде 100 жылдан астам бұрын бой көтерген тарихи мекемелер бар. Мыңдаған баспана мен көліктердің тас-талқаны шықты. Қазір Бейруттегі медициналық орталықтардың 50%-тен астамы жарамсыз күйде. 300 мыңнан астам тұрғын баспанасынан айырылды. Қайғылы оқиғадан 178 адам мерт болды. Қазір ел астанасы апатты деп танылған. Оқиғаға байланысы бар деген 25 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы