420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хорватияда коронавирустың таралуы күшейе түсті

  • 134
  • UPD: 11:52, 27.08.2020
Хорватияда коронавирустың таралуы күшейе түсті

Хорватияда індеттің таралуы күшейе түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде соңғы бір тәулікте вирусты 358 адам жұқтырып алған. Ақпарат құралдары науқастар санының артуын шетелдіктермен байланыстырып отыр. Өйткені жазғы туристік маусым ашыла салысымен Хорватияға ағылған саяхатшылар саны артты. Үкімет болса, жағдайды елде дертке қарсы тестілеудің көптеп жүргізіле бастауымен түсіндіреді.

Айта кетейік, Хорватия – Еуропада туристер үшін шекарасына алғаш болып ашқан елдің бірі. Ал, бұл мемлекетте індет таралғалы дертке 8500-ден астам адам шалдығып, олардың 6 мыңдайы жазылып шыққан.

Диана Новкович, Хорватияның бас эпидемиологы:

- Алдағы уақытта елде вирусты жұқтырғандар саны арта түсуі мүмкін. Себебі, кейбір аймақта бұқаралық сипаттағы іс-шаралар өткізген. Біз биыл елге туристер көп келеді деп күтпеген едік. Саяхатшылар саны артып, олар баратын түнгі клубтар мен барларда сауық-сайран құрған жастарға вирус жұғып, олар өз кезегінде үйде отырған ата-ана, туыс-туғандарына таратты.

Хабар 24 телеарнасы