421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та барлау ұшағы апатқа ұшырады

  • 238
  • UPD: 09:31, 01.09.2020
АҚШ-та барлау ұшағы апатқа ұшырады

АҚШ-тың Вирджиния штатында E-2 Hawkeye әуе кемесі әскери теңіз күштерінің жаттығуы кезінде апатқа ұшырады.

Бұл туралы CNN хабарлады.

– E-2 сағат 15:50 шамасында құлады. Екі ұшқыш пен экипаждың екі мүшесі негізгі кабинаның есігі арқылы аман-есен шығарылды, - делінген хабарламада.

Ұшқыштарға ешқандай зақым келмеген. Апат бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы