Тұсаукесер рәсімінің барлығы кейінге қалдырылды. Басты себеп – коронавирус, деп хабарлайды Screenrant.
2020 жылы «Нілдегі өлім», «Қуыс кеуде адам» фильмдері көрерменге жол тартады. Сонымен қатар көпшілік «Жан» мультфильмін де биыл тамашалайтын болады.
Disney фильмдерінің жарыққа шығу уақыты:
«Қара жесір әйел» – 2021 жылдың 7 мамыры;
«Мәңгі» – 2021 жылдың 5 қарашасы;
«Шан-Чи: он сақина аңызы» – 2021 жылдың 9 шілдесі;
«Нілдегі өлім» – 2020 жылдың 17 желтоқсаны;
«Вестсайд оқиғасы» – 2021 жылдың 10 желтоқсаны;
«Терең сулар» – 2021 жылдың 13 тамызы.