427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада коронавирустың екінші толқыны басталды

  • 221
  • UPD: 14:48, 25.09.2020

Украинада коронавирустың таралуы өршіп тұр. Дертті жұқтырғандар саны тәулігіне 3 мың 565 адамға жетті.

Вирустан соңғы 24 сағатта 70 адам қайтыс болған. Ел президенті Зеленский ковидтің екінші толқыны басталды деп мәлімдеді.

Вирустың өршуіне байланысты билік қандай шара қолдануда? 

Аида Қыдырбай, тілші:

- Украинада вирустың беті қайтар емес. Елде шартты карантин бірінші қарашаға дейін ұзартылды. 28 қыргүйекке дейін шет ел азаматтары үшін Украина шекарасы жабық. ЖОО студенттер түгіл онлайн оқуға көшкен. Ал мектеп оқушылары бір апта ғимаратта, бір апта үйде отырып оқиды. Өйткені ел аумағында интернет желісіне қосылу қиындау, сондықтан билік осындай шешім қабылдаған. 

Дегенмен, осындай статистикаға не түрткі болды, өсім неге жоғары? 

- Менің бақылауым бойынша біріншіден тұрғындар ПЦР тестін көптеп тапсыруда. Ресми мәлімет бойынша 2 млн астам тұрғын коронавирусқа қарсы тест тапсырған. Дей тұрғанмен, Украинаның денсаулық сақтау министрі халықтың әлеуметтік жауапкершілігі аз деп дабыл қағады. Расымен осы жақында ғана Украинаның екі ірі қаласы Одесса мен Днепрде «шаһар күні» атап дүркіреп атап өтілді. Желіде таралған видеодан бұл шараға мыңдаған адам қатысқанын көруге болады. Және бұл мерекеде 1 жарым метрлік қашықтықтың мүлдем сақталмағынан да көру қиын емес. Билік тарапынан әлі де нақты шаралар қабылданған жоқ. Жағдай осылай ушыға беретін болса,  фитнес клуб, бассейн мен сауда орындарын тағы жабуы мүмкін деген ақпарат бар.

Хабар 24 телеарнасы