429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда коронавирустан 150 мыңнан астам адам көз жұмған

  • 84
  • UPD: 15:07, 11.10.2020
Бразилияда коронавирустан 150 мыңнан астам адам көз жұмған фото: EPA

Бразилияда COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар саны 150 198 адамға жетті, олардың 559-ы өткен тәулікте көз жұмған.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Елде инфекция жұқтыру жағдайларының жалпы саны 5 082 637. Соңғы 24 сағатта 26 749 пациенттен коронавирус анықталған. Ведомствоның мәліметі бойынша ауруға шалдыққандардың 85%-дан астамы (4 453 722) сауығып шыққан, тағы 478 717 адам дәрігерлердің бақылауында.

Мұнда алғашқы коронавирус жұқтыру жағдайы 26 ақпанда анықталған. Бразилия әлемде вирусқа шалдығу жағдайлары санының көптігінен АҚШ пен Үндістаннан кейін үшінші орында. Коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша Құрама Штаттардан кейінгі екінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы