427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда соңғы тәулікте жеті мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған

  • 102
  • UPD: 09:37, 18.10.2020
Германияда соңғы тәулікте жеті мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған

Германияда коронавирусты жұқтырғандар күн сайын артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте вирус 7 мың 830 адамнан анықталды. Бұл – індет таралғалы ең жоғарғы бір күндік көрсеткіш. Роберт Кох институты дертке шалдыққандар күніне 10 мыңнан асса, кей аймақтар карантинге жабылуы мүмкін деп отыр. Бірақ билік жаппай карантин енгізілмейтінін айтып, тыйымдарды қатаңдатумен шектелуде. Мысалы, бірқатар қаланың орталық көшелерінде бетперде тағып жүру тәртібі енгізілді. Кельнде полицейлер адамдар көп жиналған жерлемен қатар көлікте де бетперде кию керек. Билік халықтан әлеуметтік арақашықтықты сақтап, шектеулерді орындауды сұрауда. 

Вольфганг Бальдес, Кёльн қаласы полициясының баспасөз хатшысы:

– Елде вирусты жұқтырғандар саны тез өсіп жатыр. Сондықтан қызметкерлерімізді қорғау үшін бетперде киіп жүру тәртібін енгіздік. Көшеде полицейлер арақашықтықты сақтау мүмкін болмаса, бетперде тағып жүруі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы