423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда жастарды жұмыспен қамту қиындады

  • 97
  • UPD: 19:19, 07.11.2020

Қытай жұмыссыздықты азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға күш салып жатыр.

Жыл сайын түлектер жоғары оқу орындарын бітірген кезде, еңбек нарығына қысым күшейе түседі. Мәселен, биыл осындай жастардың саны 8 миллионнан асты. Жұмыссыздықты биыл коронавирус тіптен көбейтті. Өйткені шағын және орта бизнес тоқырап, жұмыс орындары азайған.

Жоғары оқу орнын бітірген жастарға биыл жұмыс табу оңай болмайтын түрі бар. Билік осыған алдын ала дайындала бастады. Білім ордаларында онлайн еңбек жәрмеңкелерін ұйымдастырды. Тіпті әр оқу орнында студенттеріне жұмыс іздейтін жауапты тұлғаларды тағайындаған. Университеттерде жоғары білімі бар адамдарды одан әрі оқыту бағдарламасының ауқымы да кеңейтілді.

Ван Хуэй, ҚХР білім министрлігінің департамент директоры:

- Жоғары оқу орындары түлектерінің өз мамандығы бойынша оқуын жалғастыруға немесе өзге салада бакалавр дәрежесін алуға мүмкіндіктерін кеңейттік. Жұмыс орындарын құратын кәсіпорындарға субсидия бөлдік.

Жастардың біразы өз кәсібін ашқысы келеді. Үкімет осы бастамаларын құптап, осы бағытта алғашқы қадамдарын жасаған кәсіпкерлерді қолдауға миллиардтаған юань мөлшерінде қаражат бөлді. Миллиондаған құрдастарымен қатар Чжао Хунханьда биыл университеттегі оқуын бітірді. Ол алдын ала тағылымдамадан өтіп, бірден жұмысқа шықты. Алайда барлық түлектің жолы болды деп айтуға келмейді.

Чжао Хунхань, жоғары оқу орнының түлегі:

- Менімен бірге оқығандардың кейбіреуі пандемияның кесірінен әлде алдын ала қамдамағандықтан ауыр жағдайда қалды. Біреулері  уақытша жұмысқа тұрса, тағы біреулері университетте оқуын жалғастыруды шешкен. Ал достарымның кейбіреуі әлі күнге дейін жұмыс іздеп жүр.

Әзріше елдегі жұмыссыздық деңгейі 6%-тен асқан жоқ. Ресми мәлімет бойынша, биылғы жылдың алғашқы 9 айында 9 миллиондай жаңа жұмыс орны құрылды. Осылайша жылдық жоспар орындалды. Алайда уақыт өте, бұл мәселе де күрделене береді. Жыл сайын жоғары оқу орындарын бітірген адамдардың саны өсіп келеді. Мәселен, биыл олардың саны былтырғыдан 400 мыңға артық.

Авторлары: Ботагөз Сырғабаева, Айгерім Сүлейменова

Хабар 24 телеарнасы