424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузияда оппозиция сайлау қорытындысына наразылық танытты

  • 74
Грузияда оппозиция сайлау қорытындысына наразылық танытты pressunity.org

«Өз даусыңды қорға». Грузияда осындай ұранмен қазанның 31-і күні өткен парламенттік сайлаудың қорытындысына қарсы наразылық шеруі өтті.

Мыңдаған адам парламент алдына жиналып, Орталық сайлау комиссиясының басшысы Тамар Жванияны қызметінен босатып, жаңа сайлау өткізуді талап етті.

Кей шерушілер Орталық сайлау комиссиясының ғимаратына кіруге талпынды. Оларға полиция күш қолданды. Бірнеше адам жарақат алды. Оппозиция сайлауда жаппай бұрмалаушылық болғанын алға тартып отыр. Алдын ала қорытындыға қарағанда билік басындағы «Грузин арманы» партиясы 48,3 процент дауыс жинап жеңіске жеткен. Ал сайлауда қажетті дауыс жинай алмаған оппозициялық партиялар сайлаудың бұрмаланғанын айтып, өз мандаттарынан бас тартып жатыр.

Айта кетейік, қазанда өткен сайлауда тек 9 партия парламентке өтті. Оппозиция сайлаушылардың тек 27 процент дауысын жинай алды. Қалған партиялар 4 проценттен аса алмады.

Хабар 24 телеарнасы