425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны он миллионнан асты

  • 62
  • UPD: 13:02, 10.11.2020
АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны он миллионнан асты

АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар 10 миллионнан асты. Соңғы 10 күнде Америкада дертке шалдыққандар бір миллионға артқан. Сарапшылардың пікірінше, алдағы 5 аптада өлім-жітім көбеймек. Осыған байланысты Джо Байден халықты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Джо байден:

- Мен сіздерден бетперде тағып жүруді сұраймын. Бұл өзіңізбен бірге өзге адамдардың да өмірін сақтау үшін қажет.  

Ал Украинада коронавирус індетінің өршуінен ауруханаларда барлық жоспарлы операциялар тоқтатылды. Емдеу орталықтарында дертті жұқтырғандар саны көбейген. Осыған байланысты ауруханалар коронавирусқа шалдыққандар мен тек шұғыл операцияларды жасауға көшеді. Кеше президент Владимир Зеленскийдің де вирусты жұқтырып алғаны белгілі болды. Мемлекет басшысы оқшауланып, ем-дом қабылдауға кіріскен.

Хабар 24 телеарнасы