423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда коронавирустың күшеюіне байланысты жаңа шектеулер енгізілмек

  • 69
Иранда коронавирустың күшеюіне байланысты жаңа шектеулер енгізілмек Euronews

Бұл туралы осы елдің президенті Хасан Рухани мәлімдеді.

Жоспарға сай тыйымдар әр округ пен қаладағы дертті жұқтыру көрсеткішіне сай қолданылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, қызыл аймақта қала тұрғындарының тіршілігіне аса қажетті саладан басқа барлық қызмет түрі тоқтатылады. Ал сарғылт аймақта дәмханалар мен университеттер жұмысын жалғастырады. Сары аймақта тек ойын-сауық, спорттық және діни іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Шектеулерді жеңілдету немесе қатаңдату 14 күннен кейін әр аймақтағы жағдайға сай қарастырылады. Ал Тегеранда қайта карантин енгізілуі мүмкін. Ресми дерекке сүйенсек, Иранда індет таралғалы вирусты жұқтырғандар саны 750 мыңға жуықтап, 40 мыңнан аса науқас қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы