429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда әрбір бесінші полицей карантинде жатыр

  • 163
  • UPD: 11:08, 25.11.2020
Германияда әрбір бесінші полицей карантинде жатыр

Германияда әрбір бесінші полиция қызметкері карантинде болған немесе қазір оқшауда жатыр.

Жалпы бұл елде бас-аяғы 50 мыңнан астам тәртіп сақшысы бар. Бүгінге дейін солардың 12 мыңға жуығы ковид зардабын тартқан: 54% жұмыстан тыс уақытта вирус жұқтырса, қалғандары қызметте жүрген кезде инфекцияға шалдыққан. Айта кету керек, індет басталғалы бері неміс офицерлерінің міндеті одан сайын арта түсті. Қаладағы тәртіпті бақылаудан бөлек олар тұрғындардың көшеде маска тағып, арақашықтық сақтауын қадағалауы тиіс. Дәмханалардың қызметі тоқтағанын тексеру де солардың жұмысы. Карантиндік шектеулер енгізілген саябақтарды, вокзалдар мен орталық алаңдарды күзету ісі тағы бар. Осыған байланысты неміс тәртіп сақшылары биыл 1,5 млн сағат артық жұмыс істеген. Бұл бірінші кезекте елдегі демонстрациялармен байланысты болса керек. Себебі тек Берлиннің өзінде биыл 7 мың акция өткен. Бұл былтырмен салыстырғанда 2 мыңға көп.

Тило Каблитц, Берлин қалалық полициясының баспасөз хатшысы:

– Індет уақытында қызметкерлерімізді қорғауға барынша тырысып жатырмыз. Бірақ ең қиыны – демонстрациялар кезінде жұмыс істеу. Себебі көшеге шыққан азаматтар арақашықтық сақтамайды. Тіпті полицейлердің талабын орындаудан да бас тартып жатады.

Хабар 24 телеарнасы