476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мехикода коронавирус жұқтырғандар саны көбейді

  • 272
  • UPD: 10:52, 05.12.2020
Мехикода коронавирус жұқтырғандар саны көбейді фото: RT

Мексика астанасы Мехикода коронавирус жұқтырғандар саны көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бір күннің ішінде ауруханаларға 5 мыңнан астам науқас түскен. Өзге сырқатқа шалдыққандарға орын жетпей жатыр. Сондықтан ковидтің жеңіл түрін жұқтырғандарды уақытша шатырларға қабылдауда. Олар онда тест тапсырып, ренгтен мен компьютерлік томографиядан өтеді. Дәрігерлер эпидемиологиялық ахуал алдағы айларда бұдан да қатты ушығуы мүмкін деп қауіптенеді.

Патриция Манцилла, дәрігер:

-Әрине, бетін аулақ қылсын, бірақ ауыр күндер әлі алда деп ойлаймын. Індет қаңтар айында қайта ушығады деген қауіп бар. Науқастар саны да артады. Медицина қызметкерлері физикалық қана емес, моральдық тұрғыда да қатты қалжырап жүр.

Хабар 24 телеарнасы