Бір апта бұрын мотоциклге мінген қарулы топ Нигерияның солтүстігінде орналасқан Кацина штатындағы мектептердің біріне шабуыл жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сол кезде жүздеген ұл баланы өздерімен бірге алып кеткен. Артынша қастандық әрекетті «Боко Харам» тобының лаңкестері жасағаны белгілі болды.
Айта кеткен жөн, бұл ұйым негізінен Нигерияның солтүстік-батысында әрекет етеді. 6 жыл бұрын осы топ содырлары 200-ден аса оқушы қызды ұрлап әкеткен болатын. Кейін олардың тек жартысы ғана құтқарылған.
Амину Белло Масари, Кацина штатының губернаторы:
- Балалар орман жақтан табылды. Олардың жағдайы жақсы. Дегенмен, алдағы сағаттарда медициналық тексерулер өткізуді жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін балалар жақындарымен қайта қауышатын болады.