Коронавирус мутациясының таралуына байланысты Нидерланд үкімтеі Ұлыбританиядан келетін жолаушылар ұшақтарының қатынасына тыйым салынды.
Reuters агенттігі хабарлады.
Нидерланд үкіметінің айтуынша, билік коронавирустың жаңа мутациясына қатысты жағдайларды бақылайды және басқа қосымша шаралар қабылдауды қарастырады.
Тыйым 20 желтоқсанда күшіне енді және 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.
Ұлыбританиядағыдай коронавирус штамы Нидерландта да табылған.
Ұлыбританияда коронавирустың мутациясы үлкен жылдамдықпен таралуда.