420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Латын Америкасындағы бірқатар елде вакциналау басталды

  • 88
  • UPD: 13:18, 25.12.2020

Коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы партиясы Латын Америкасының бірнеше еліне жеткізіліп, халықты вакциналау басталды.

Чили «Пфайзер» мен «Байонтек» компаниясының 10 мың доза екпесін алды. Бірінші болып екпені Сантьяго қаласы ауруханаларында жұмыс істейтін дәрігерлер қабылдап жатыр. Билік халықтың 80 процентін вакциналауды көздеп отыр. Ал бұл елде індет таралғалы 600 мыңға жуық адам вирусты жұқтырып алған.

Себастьян Пиньера, Чили президенті:

- Вакциналау бүгін басталды. Ең алдымен ауыр науқастарды емдеп жатқан дәрігерлер мен мейірбикелер және қарттар егіледі. Сондай-ақ дерт ең көп қауіп төндіріп тұрған халықтың өзге де топтары егіледі.    

Коста-Рикада да халықты коронавирусқа қарсы егу басталды. Әзірге 9 мыңнан аса доза жеткізілген. Вакциналау тегін әрі ерікті түрде жүзеге асырылады.

Айта кетейік, 5 миллион халқы бар Коста-Рикада 162 мың адам вирусты жұқтырып, дерттен 2 мыңнан аса науқас қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы