389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қымызды ең бірінші зерттеген қазақ туралы деректер табылды

  • 1133
  • UPD: 19:01, 28.11.2017

Әміре Айтбақин – қымызды алғаш зерттеген қазақ. Ол 1896 жылы Томск император университетінде ұлттық сусынның емдік қасиеті туралы ғылыми еңбегін қорғаған.

Мұны растайтын құжаттар жақында көршілес елдің мұрағатынан табылды. Әміре Айтбақин сол кезде лауазымды қызмет атқарғанына қарамастан, 30 жасында дәрігер мамандығын игеруге бет бұрады. Осылайша Томск университетінің студенті атанып, оны үздік бітірген. Бұдан соң елге оралып, Қарқаралы уезінде ұзақ жыл дәрігер болып еңбек етеді. Сондықтан Әміре Айтбақинді білімі бар, дипломы бар қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер деп те таниды. Қазір осыны дәлелдейтін құнды  құжаттар Қарқаралы аудандық мұрағатында сақтаулы. Ақжолтай жаңалықты елге жеткізген Манарбек Кәрім. 

Манарбек Кәрім, Қарқаралы аудандық мемлекеттік мұрағатының басшысы: 

- Бұл рухани жаңғыру жолында қазір «қазақтың қымызының патентін кім алып қойды» деген үлкен сұраққа, ең бірінші қазақтың өзінің төл перзентінің өзі осы қымыздың құрамын зерттеп, ол туралы 1896 жылы кітабын шығарған бұл Әміре Айтбақин. Сондықтан басқа елдің қымызды меншіктеуге ешқандай құқы жоқ деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы