380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Astana Piano Passion» халықаралық классикалық музыка фестивалі басталды

  • 479
  • UPD: 22:21, 22.04.2017

Астана қаласында төртінші рет «Аstana Рiano Рassion» халықаралық классикалық музыка фестивалі басталды.

Мұнда фортапиано аспабын шебер меңгерген әлемнің үздік жас өнерпаздары жиналды. Биыл байқауға қатысуға 28 елден 130-дан астам өтініш түскен. Олардың ішінен озық 30 өнерпаз іріктеліп, бұл балалар жартылай финалға жолдама алды. Жас пианистердің өнерін Денис Мацуев, Ванесса Латарш, Станислав Юденич, Төлеген Мұхамеджанов секілді әлемнің белді музыканттары бағалайды. Жеңімпаздарға 4 мыңнан 10 мың долларға дейін сыйақы табысталады. Бұдан бөлек, Астана әкімі мен Денис Мацуевтің арнайы сыйлықтары да бар. Жалпы жүлде қоры - 60 мың АҚШ долларын құрайды. Шара сәуірдің 28-іне дейін жалғасады.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

- К.Байсейітова және А.Жұбанов атындағы республикалық дарынды мектеп-интернаттарынан, Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде оқитын балалардар өтініш көп түсті. Олардың сегізі бірінші кезеңнен өтіп, бүгінде Қазақстаннан екі бала қатысады. Оның ішінде 17 жасар Клим Пак, 10 жасап Артур Михлин осы байқауға қатысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы