383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық қобызшының орындауындағы күйлерге мәскеуліктер тебіренді

  • 733
  • UPD: 12:39, 21.06.2017

Қобыздың қасиетті үні Ресей жеріне жетті. Қылқобызшы Раушан Оразбаева Мәскеудегі ұлттық өнер үйінде концерт берді. Ал ресейлік тыңдармандар кобыздың көне сарынынан керемет әсер алғанын жасыра алмай отыр. аушан Оразбаева қылқобызға жан бітіріп, көрермендерді ерекше күйге бөледі. Киелі аспаптың қасиетті ешкімді бей-жай қалдырмады.

Раушан Оразбаева, кобызшы:

- Қобыз күйлері болсын, домбыра күйлері болсын, жалпы қазақтың күйлері бұл біздің аталарымыз қалдырған қасиетті мұра. Сол мұра күйлерді орындап отырып, біз көп ақпарат аламыз. Бүгінгі күнде рухани деңгейден түспес үшін сол ақпарат бізге керек, бұл бізге керек құндылық.

Қазақ халық әуендерін қастерлейтін тыңдарманмен кездесу мәскеулік ұлттық өнер үйінде өтті. Ұйымдастырушылардың пікірінше, қазіргідей заманда өз ұлтыңның мәдениетін ұлықтаумен қатар өзге елдер мәдениетімен де танысу  маңызды. Себебі, өнерде ешқашан шекара болмаған.

Сергей  Кулибаба, Ұлттық өнер үйінің өкілі:

- Басқа өркениеттермен басқа халықтардың мәдениетімен танысу арқылы бәріміз үшін маңызды құндылықтарды анықтауға болады. Осы тұста әлеуметтік - мәдени жаңғыру дұрыс таңдау деп санаймын.

Осы кеште Қорқыт пен Ықыластың, Сүгірдің қазіргі заманғы композиторлардың шығармалары орындалды. Ал Раушан Оразбаева танымал күйлерді тартып қана қоймай, ұмытылып бара жатқан жыраулар шығармашылығын зерттеп, көне әуендерді сақтап қалуға барын салып жүр.

Клара Айнагулова, тыңдаушы:

- Бұл әуендерге қайран қалдым. Шынымен де таңғажайып аспап. Шексіз далада дүбірлеген ат тұяғын елестетіп, өз көзімен көргендей болдым.

Виджай Гжади, тыңдаушы:

- Қобыздың әуені жанымды тебірентті. Өкінішке орай қазіргі заманда көне аспаптардың маңызы кейбір жерлерде ұмытылып бара жатыр. Оларды сақтау керек.

Осылайша қобыздың қоңыр үні сарнаған кеш мәскеуліктер мен отандастарымыз үшін ұмытылмас әсер қалдырды.  

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы