389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда «Зерттелмеген Баянауыл» фотосуреттер көрмесі ашылды

  • 572
  • UPD: 11:49, 06.02.2018
Павлодарда «Зерттелмеген Баянауыл» фотосуреттер көрмесі ашылды

Павлодарда «Зерттелмеген Баянауыл» атты фотосуреттер көрмесі ашылды.

Тұмса табиғат пен ауыл өмірінен сыр шертетін  көрмеге әуесқой фотографтар әкелі-балалы Есен Жүсіпбаев пен Ілияс Қанаттың еңбектері қойылған. Әсіресе Ертіс өңірінің әсем табиғаты кеңінен көрініс тапқан. Сондай-ақ көкпар тарту, тенге алу сынды ұлттық салт-дәстүрімізге ерекше мән берілген. Айта кетейік, әуесқой фотографтар өз еңбектерін облыс орталығында алғаш рет көрсетіп отыр. Ертіс өңірінен шыққан атақты фотограф Дмитрий Бағаевтың музей үйі «Рухани жаңғыру» жобасы аясында осындай ауыл суретшілерінің көрмесін көптеп өткізуді қолға алмақ.

Талғат Адамов, Дмитрий Багаев мемориалды музей үйінің директоры: 

Фотокөрменің ішінде қырықтан астам жұмыс бар. Ауылдың негізгі өмірі, даланың сұлулығы және табиғи көріктері пейзажы көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы