387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореядағы фестивальде қазақ ұлттық тағамдары таныстырылды

  • 543
  • UPD: 19:40, 29.05.2018
Оңтүстік Кореядағы фестивальде қазақ ұлттық тағамдары таныстырылды

Оңтүстік Кореяда осы елді мекендейтін халықтардың ұлттық тағамдары фестивалі өтті.

Оған қазақ, орыс, қытай, вьетнам және филиппин қауымдастықтарының өкілдері қатысқан. Біздің жерлестеріміз бауырсақ, самса, қуырдақ әзірлеп, жылқы етін асты. Фестивальді Сонбук мәдени қоры мен Оңтүстік Кореяның мәдениет және өнер комитеті бірлесіп ұйымдастырған. Сеулдегі Қазақстан елшілігінің мәліметінше, Оңтүстік Кореяда 16 мыңдай қазақстандық уақытша тұрып жатыр. Тағы да 10 мыңдай адам заңсыз жұмыс істеп жатқан көрінеді.

Гүлсім Сүйгенова, Кореядағы «Томирис» қазақ қауымдастығының мүшесі:

– Әртүрлі тағамдарды дайындадық. Негізі біз 2009 жылы келген едік. «Сіз қай жақтан боласыз» дегенде аса білмейтін еді Қазақстанды. Енді осындай жәрмеңке ұйымдастырып, Қазақстанды көрсетіп отырмыз. Қандай тағамдар бар екенін көрсетіп отырмыз. Сәл-сәл Қазақстанды біле бастап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы