Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тимур Бекмамбетов екі қазақстандық киножобаға продюсер болады

  • 263
  • UPD: 13:05, 04.06.2019
Тимур Бекмамбетов екі қазақстандық киножобаға продюсер болады mks.gov.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтанда режиссёр Тимур Бекмамбетовпен кездесу өткізді.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу елімізде қабылданған «Кинематография туралы» Заңды талқылау аясында өтті. Сұхбаттың негізгі тақырыптары - қазақстандық киноиндустрияның келешектегі даму жолдары және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қызметі.

«Тимур Бекмамбетовке кинематографты дамыту жоспарымыздың ұнағаны сондай, ол бізге тегін кеңес беріп көмектесуді мойнына алды. Біз үшін Тимур Нұруахитұлының коммерциялық жобаларды қалыптастырудағы ұсыныстары мен тәжірибесі өте құнды: коммерциялық киноның дамуы, прокатта табысты болу үшін қаржыландыру жолдары, т.б», деп атап өтті министр.

Қазіргі таңда Тимур Бекмамбетов Қазақстандағы бірнеше шығармашылық топтармен қарым-қатынаста және Ұлттық киноны қолдау Мемлекеттік қоры жариялаған іріктеуге қатысатын екі киножобаның продюсері болу туралы шешім қабылдады.

Ұлттық киноны қолдау Мемлекеттік қорының тұңғыш іріктеуі іскерлігімен танымал кино саласының майталманы тарапынан қызығушылыққа ие болды.

Хабар 24 телеарнасы