429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда бөбекжай тәрбиеленушілері хакім Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды

  • 470
Атырауда бөбекжай тәрбиеленушілері хакім Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды

Атырауда Абайды білуге балабақшадағы бүлдіршіндер де ықылас танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық бөбекжайдың бірінде ақынға арналған іс-шара «Абай дана, Абай дара қазақта» деп аталды. Оған 4-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер қатысып, Абай өлеңдерін жатқа оқыды. Данышпан аталарынң әрбір ғибратын осы бастан санасына сіңірген бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі елін сүйер азамат екені анық. Іс-шараның басты мақсаты да сол. Ата-аналардың қатысуымен бала Абайдың өмірінен театрландырылған көрініс те өте тартымды шықты. Аталған бөбекжайда 450-ге тарта бүлдіршін тәрбиеленеді екен. Ел тарихы мен белгілі тұлғалардың ұлағатын ұрпаққа таныстыруға арналған эстафеталық іс-шара қаланың басқа балабақшаларында жыл бойы жалғасатын болады.

Бақыт Мұстафина, бөбекжай меңгерушісі:

– Бұл эстафетаны біз қалалық білім бөлімінен қабылдап, қазір келесі балабақшаға жолдағалы отырмыз. Ата-ана, педогог және бала үшжақты жұмыстар атқарып жатырмыз. Осы арқылы баланы үлкен жетістіктерге жеткізіп, үлкен азамат болады деген сенімдеміз. Балалардың қабылдауы өте жоғары деңгейде.

 

Хабар 24 телеарнасы