424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Режиссер Олег Ли қазақ еліне деген алғысын қойылым арқылы жеткізді

  • 332
  • UPD: 10:16, 02.03.2020

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Олег Ли 50 жылға жуық кино саласында еңбек етіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қазір Корей музыкалық театрында режиссер. Жарты ғасырға жуық шығармашылық жолында 40-тан аса картинаға түскен. Бір қызығы, Олег Ли алғашында мүлде басқа мамандықты таңдаған.

Режиссер, театр және кино актері Олег Лидің өмірі жаңа бастамаларға деген қызғушылықтан тұрады. Ташкент электротехникалық техникумын бітіріп, осы сала бойынша еңбек етіп жүрген ол, өзін алда тағдырдың тосын сыйы күтіп тұрғанын білмедім дейді.

1971 Олег Сафронович Алматыға кездейсоқ келіп, театрға бас сұғып, сахнаға ғашық болады. Ол бірден Құрманғазы атындағы консерваторияның актерлік факультетіне оқуға түседі. Көп ұзамай оған «Мен - Тянь-Шань» фильмінде эпизодтық рөлді ойнауды ұсынады. Осылайша кино әлемімен табысқан Олег өмірлік жарын да өнер жолында кездестіреді.

Олег Ли, режиссер, театр және кино актері:

– 1971 жылы ұстаздарымыз Галина екеумізге Отелло мен Дездемонадан үзінді ойнауды тапсырды. Театрда «сахна табыстырады» деген түсінік бар ғой. Қойылым барысында мен оған ғашық болдым. Алайда ол кезде Галинада маған деген сезім болған жоқ. Бірақ уақыт өте келе мен өз сезімімді дәлелдедім. Институтты бітірген соң отбасын құрдық. Содан бері бір театрда еңбек етіп келеміз.

Өзінің жаңа қырын ашуға талпынған актер режиссер мамандығын меңгереді. Ол театр сахнасында тың тақырыптағы туындыларды қойды. Солардың бірі – «Естелік» спектаклі.

Олег Ли, режиссер, театр және кино актері:

– Кәріс ұлтының қазақ жерінде тұрып жатқанына 60 жыл толуына орай театрда «Естелік» атты спектакль қойдық. Қойылым арқылы қиын сәтте қолдау көрсеткен қазақ еліне деген алғысымызды жеткізуге тырыстық. Спектакльді Кореяға да апардық. Ол жақта да өте жақсы қабылдады. Қазақстанда бірінші премьера Үштөбеде өтті. Тарихты есіне түсірген көрермен көзіне жас алды. Себебі бұл сол уақыттың бүкпесіз шындығы еді.

Олег Ли өзінің шығармашылық жолында 40-тан аса картинаға түскен.

Солардың бірі «Транссібір экспресі» фильмінде актер Исидоның рөлін ойнайды. Өнермен егіз жаралған жан көрерменге әлі де берерім көп дейді.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Анастасия Вылегжанина, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы