429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасынан «Пәленшеевтер» телехикаясының жаңа маусымы көрерменге жол тартады

  • 200
  • UPD: 20:47, 30.08.2020

Жаңа телевизиялық маусымда «Хабар» арнасы көрермен көңілінен шыққан «Пәленшеевтер» телехикаясының үшінші маусымын көрсетеді.

Әзіл-оспаққа, күлкілі оқиғаларға толы комедияның бұл жолғы шығаралымында режиссер ауысқан. Демек, көрерменге ұсынылатын қызықты оқиғалар да өзгеше болмақ.

«Пәленшеевтер» отбасылық комедиясын түсіру жұмыстары әрдайым қызықты өтеді. Әрине жаңа маусым, жаңа хикаямен басталады. Сериалдың режиссері Шапағат Орынбаевтың айтуынша, сценарийдің өзі өзгеше. Соның аясындағы түсіру  жұмыстары жылдам әрі сапалы жасалуы керек.

Шапағат Орынбаев, режиссер:

- Сериал түсіру мен енді толық метраждың. Екеуінің жұмыс істеу бағыты екі түрлі. Екеуінің темпі екі түрлі. Әрине бірақ творчестволық адамға көбіне толық метражды түсіргісі келеді. Сериал өзі енді абыр-сабырда. Үлгіру керек, қойылған уақытысы бар. Кешігіп жазып жатады, оны сен үлгіріп жатасың. Бір мәселелер шешілмей жатады. Күннің атысы мен батысы тез өтіп кетіп жатады. Ал біз серияларды толтырып үлгіру керекпіз.

Шаңырағы шаттық пен берекеге толы отбасына ауылдан қонақтар көп келеді. Әрине әрқайсысының өз мінез-құлқы, оқиғасы бар. Қонағын құт көрген шаңырақ өзара келеңсіз жәйттерді де ақылмен шешудің жолдарын көрсетеді. Бірақ мұнда философиялық диалогтан гөрі көрерменді күлкіге қарық қылар әзіл шыны аралас әңгіме көп.

Жасұлан Базарбек, актер:

- Ең қазіргі елімізде болып жатқан карантинге байланысты сәл-сәл сценарий ауысты. Бұрын енді бірінші-екінші сезонда мен көшенің бойында көп түсетін сахналарым көп болатын еді. Карантинге байланысты қазір көбісі екі адамдықпен жаңағы диалог болып жатыр. Сондықтан өзгеріс жағынан сол ғана. Бірақ бір бөлменің ішінде өте қызықты сахналарым бар.

Комедия жанрындағы телехикая 30 бөлімнен тұрады. Әр бөлімдегі оқиғалардың толық нұсқасын жақында «Хабар» арнасының жаңа маусымынан көре аласыздар!

Авторлар: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы