389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейлік жастар конституциялық реформаларға қатысты үндеуді қолдауда

  • 584
  • UPD: 17:52, 25.02.2017

Семейлік жастар мен зиялы қауым өкілдері де конституциялық реформаларға қатысты үндеуді қолдап-қуаттап жатыр.

Бұл тың бастаманы батыл қадамға балаған семейлік жас ақын Олжас Соғымбаев Президенттің жекелеген өкілеттіліктерін Үкімет пен Парламентке бөліп беру жөніндегі конституциялық реформа еліміздегі демократияның жарқын көрінісі екенін айтады.

Олжас Соғымбаев, ақын:

- Елдің алдында, халықтың алдында есеп беретін «Ашық Үкімет» құру, бүгінгі келіп отырған өкілеттілік, ол – Парламент. Парламент дегеніміз ол – халық. Халық дегеніміз – біз. Яғни билікке халықты араластыру. Бұл кез-келген саяси аренада жүрген алып мемлекеттердің тәжірибесінде бар. Біздің елдің, біздің халықтың саяси, құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік саясатқа араласуына үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы