386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде пробация үйі ашылды

  • 473
  • UPD: 10:48, 05.04.2017

Енді бұрын сотталғандар қажетті құжаттарды жинау үшін құзырлы мекемелердің табалдырығын тоздырмайтын болды.

Әлеуметтік қызмет өкілдері, әділет департаменті, денсаулық сақтау мен білім беру басқармалары, прокуратура мен халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары бір жерде қабылдайды. Сондай-ақ медициналық-психологиялық көмек көрсететін кабинеттер де ашылған. Пробация үйіне сұраныстың жоғары екендігі байқалады. Алғашқы күннің өзінде жүзге жуық азамат жиналды. Олардың басым бөлігі рақымшылық алып, темір тордың ар жағынан оралғандар. Биыл Ақтөбеде 80-ге жуық сотталушы абақтыдан мерзімінен бұрын босап шықты.

Нұрдәулет Сүйіндіков, облыс прокурорының бірінші орынбасары:

- Біздің басты мақсатымыз  қылмыстардың қайталанбауын қамтамасыз ету болып отыр. Осы жазалау орындарынан босап шыққан азаматтарымыздың, пробациялдық есепте тұрған азаматтарымыздың әлеуметтік ортаға тез еніп, қайтадан қатарымызға қосылып, нақты толықтай түзелу жолына түсуін қамтамасыз ету болады.

Дмитрий Парашиди, қала тұрғыны:

- Бостандыққа шыққаныма көп болған жоқ. Енді жұмысқа орналасқым келеді. Бірақ барлық жерде мамандық бар екендігін растайтын құжаттарды талап етеді. Ал мен дипломымды жоғалтып алдым. Соны қайтадан алу қажет. Немесе сырттай курстарға жазылуды ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы