389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда алғашқы қар жауды

  • 568
  • UPD: 23:34, 04.10.2017

Солтүстік Қазақстанға қыс келіп те үлгерді.

Өңірде қар жауып, қара жерді ақ ұлпа басты. Синоптиктердің айтуынша, бұл солтүстік-батыс циклонының ықпалы. Қардың қалыңдығы – 4 мм. Ауа райының аяқ асты құбылуы қазір диқандар қауымын сары уайымға салды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, облыста егіннің 98%-ы жиналған. Қалғаны қар астында қалмаса игі. Енді ауа температурасы демалыс күндері ғана жылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы