382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР-дағы АҚЖУ ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісімен еліміздегі балалар құқығын талқылады

  • 586
  • UPD: 12:55, 10.10.2017
ҚР-дағы АҚЖУ ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісімен еліміздегі балалар құқығын талқылады Ehe Gießen – Ziele

Астанада ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің бұрынғы төрағасы Якоб Дукпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстандағы балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және Омбудсмен мекемесінің осы бағыттағы қызметі мәселелері талқыланды.

Бұл туралы ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Жекелеген назар құқық қорғау қызметінде аса маңызды орын алатын отбасыдан тыс тұрып жатқан балалардың құқықтары мәселелеріне бөлінді. Балаларды отбасыға орналастырудың баламалы нысандарымен алмастыру арқылы интернат үлгідегі балалар мекемелерін жабу үрдісін қолдай отыра, Омбудсмен алға қойған мақсатты біртіндеп және жүйелі іске асыру қажеттілігін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы