387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2017 жылы төтенше жағдайлар кезінде 27 адам қаза тапты

  • 766
  • UPD: 20:12, 05.01.2018

2017 жылы елорда аумағында болған төтенше жағдайлардан 27 адам қаза тапты.

Оның 11-і өрт кезінде қайтыс болыпты. Үшеуі жасы кәмелетке толмаған балалар. Жалпы, бас қалада өткен жылы 700-ге тарта өрт оқиғасы тіркелген. Оның жартысына жуығы жеке тұрғын үй секторында болған. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар департаментінің басшылары хабарлады. «Көрсеткіштер өткен жылдармен салыстырғанда төмендеген», дейді олар. Мәселен, 2016 жылы Астанада 811 өрт болып, 19 тұрғын көз жұмыпты. 

Мейрамбек Қайсанов, Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары: 

- Инспекторлық құраммен 57 953 жеке тұрғын үй араланды. 2016 жылмен салыстырғанда 18 пайызға артқан. Әлеуметтік қатер топтарына жататын тұлғалардың жерлеріне 219 рейд өткізілді. 2016 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға артқан.

Хабар 24 телеарнасы