387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдегі кенттің тұрғындары құбырдағы апаттан сусыз қалды

  • 495
  • UPD: 20:38, 05.02.2018

Семейде Цементшілер кентіндегі бірнеше көп қабатты тұрғын үй ауыз сусыз қалды.

Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, Кәрменов көшесінің бойындағы құбыр жарылған. Соның кесірінен көшені көлкіген су басып, тұрғындардың жүріп-тұруы да мұң болды. Қазір апат орнында 4 техника мен қалпына келтіру бригадасы жұмыс істеп жатыр. Бұл дәл осы шағын ауданның су жүйесінде соңғы бір айда болған екінші апат.

Гүлзабира Жармұхамедова, қала тұрғыны: 

- Таңертең сағат 6.20-да көршім қоңырау шалды, су басты деп. Содан мен КСК кезекшісіне хабарластым. Сағат 8-ден өте машинамен келіп, суды сорып жатыр. Одан келіп суды не ескерту жоқ, өшіріп тастады. 5 литр алдым, ол жеткен жоқ. Міне, келіп тағы да сатып алдым. Ал бір үйде бірнеше адам болса ол су жетпейді.

Бек Берстембаев, су шаруашылығы мекемесінің шебері:  

- Бүгін таңертең диаметрі 300 милиметр болатын су құбыры жарылған. Қазір 4 техника жұмыс істеп жатыр. Әзірге қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, кешке дейін тұрғындарға су беріледі деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы