378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ә.Әбуов: Әлемге әл-Фарабидің бірінші музыкант екенін мойындатуымыз керек

  • 939
  • UPD: 16:02, 02.04.2018

Әлемге Әбу Насыр әл-Фарабидің бірінші музыкант екенін мойындатуымыз керек.

Мұны бүгін Астанада ашылған «Киелі Отырардың қасиетті мұралары» атты жылжымалы көрмеде философия ғылымдарының докторы Әміреқұл Әбуов айтты. Оның пікірінше, ұлы тұлғаның даралығын сонау 894-895 жылдары өткен әлемдік ғалымдар жиынында мойындап дәріптесе де, бүгінгі таңда жасырылып отыр. Ғалым: «Әл-Фарабидің Араб елдерінде сақталған шығармаларын елге әкеліп, жан-жақты насихаттау арқылы жаһанға танытуымыз керек», – дейді. Әйгілі ойшыл, философ, астролог, математик әл-Фарабидің өзі жасаған «Уд» аспабының көшірме нұсқасы да көрмеге арнайы әкелініпті. Бұл 28 дыбыстан тұратын күй құралы бүгінде Араб елдерінің ұлттық аспабы саналады.

Әміреқұл Әбуов, философия ғылымдарының докторы, профессор:

– Әл-Фарабидің өзі жасаған аспабы. Оны біз математик, физик, астролог ретінде білеміз. Музыкант болғанын да айтуымыз керек. Ол 24 жасында әлемнің бірінші музыканты деген атаққа ие болған. Әлемдік конференцияда. Бірақ еуропалық ғалымдар мұны бірінші музыкант деп атамады. Екінші музыкант деді. Әл-Фараби көзінің тірісі кезінде Аристотельден кейінгі әлемнің екінші ұстазы деген атаққа ие болған. Арестотельді танытқан әл-Фараби.

Хабар 24 телеарнасы