383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі қауіпті лифтілердің жұмысы уақытша тоқтатылды

  • 479
  • UPD: 13:48, 13.04.2018

Ақтөбедегі 700-ге жуық лифтінің үштен бірі әбден ескіріп тозығы жеткен. 20 жылдан астам қолданыста болған жеделсатылар қазір тоқтатылды.

Себебі адам өміріне қауіпті. Арнайы құрылған жұмыс тобы кеңестік кезеңде салынған көп қабатты үйлердің лифтілерін тексеріп жатыр. Ширек ғасыр бойы қызмет көрсетіп келе жатқан көтеру механизмдеріне,, күрделі жөндеу жасау керек дейді мамандар. Қосалқы бөлшектері ескіріп, қауіпті жағдайда тұрғанына қарамастан, тұрғындар әлі күнге дейін қолдануға мәжбүр. Сарапшы топ қызмет көрсетуші компанияларды да тексереді. Атап айтқанда лифтіге жауапты азаматтардың кәсіби біліктілігін саралайды. Кешенді тексеру қорытындысы сәуір айының соңында дайын болуы тиіс.

Самат Лепесов, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы:

- Комиссия бірінші кезекте 20-25 жыл бұрын салынған лифттерді тексереді. Құжаттарын зерттеген кезде олардың қызмет көрсету мерзімі өтіп кеткендігі белгілі болды. Бұған дейін бұл үйлердегі лифттерді тоқтату туралы ұйғарым шығарылған. Соған қарамастан пайдаланып отыр. Қалада үш жедел топ лифттерді зерттеуге кірісті.

Хабар 24 телеарнасы