386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында шекарашылар жұмыста электронды карта қолданатын болды

  • 707
  • UPD: 09:26, 01.05.2018

Маңғыстаулық теңіз шекарашылары тестілеу режимінде геоақпараттық жүйемен жұмыс істеуге көшті.

Электронды картада жағалау күзеті аймақтық басқармасына қарасты әскери құрылымдар мен барлық түрдегі техникалардың координаттары көрініп тұрады. Яғни шекара бұзу дерегі тіркелген жағдайда сандық үлгідегі геоақпараттық жүйе - әуе, құрлық және судан келер қатердің бетін қайтаруға мүмкіндік береді. Шекарашылар бұған дейін қағаз карталарды пайдаланып келген еді. Сәйкесінше, ұйымдасқан жауынгерлік іс-қимылдардың дайындығына да көп уақыт жұмсалатын.

Назар Рахимов, ҚР ҰҚК ШК жағалау күзеті аймақтық басқарма штабының бөлім бастығы:

- Мәселен, шекаралық бақылау бекеттерінің бірі теңіз бетінде күдікті су көлігін байқап қалды делік. Сол мезетте оның координатасы цифрлық геоақпараттық жүйеге енгізіледі. Электронды картада сол маңда жүрген барлық кемелер мен тікұшақтардың да координаталары көрініп тұрады. Яғни, сандық үлгідегі карта штабтың тез шешім қабылдап, шекара бұзған қайықты ұстау үшін жасақ аттандыруға жұмсайтын уақытын үнемдейді.

Хабар 24 телеарнасы