384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда мамандандырылған ХҚКО ашылды

  • 618
  • UPD: 15:38, 01.06.2018
Оралда мамандандырылған ХҚКО ашылды

Оралда автокөлік иелері үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.

Батысқазақстандықтар бұл жерден автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, айыппұлдар мен көлік салығын төлеу секілді қызметтерді пайдалана алады. Орталықтың жалпы аумағы 2,5 мың шаршы метр.Құжаттарды қабылдау мақсатында 15 үстел жасақталған. Сонымен қатар жүргізуші куәлігін алар кезде комиссиядан осы жерде өтуге мүмкіндік бар. Дәрігерлер мен өзге де мамандардың кабинеттері жұмыс істейді. Автоматтандырылған автодромда үміткерлердің біліктілігін арнайы электронды жүйе анықтайды. Бұл сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің амалы екен. Орталық мамандары жылына 70 мың көлік иесіне қызмет көрсетеді.  

Талғат Оспанов, қала тұрғыны:

- Бүгін бірінші клиенттер болып біз келіп жатырмыз. Мына машина сатып алып жатырмыз үлкен кісіден. Шаруамыз бітіп жатыр, қыздардың жұмысына «жақсы» деп баға беріп жатырмыз. Бұрын енді таңмен келгеннен түс қайта «4-те кел дейді, 5-те кел дейді»,  кешке дейін жүретін едік. Бүгін енді келдік, шаруамыз бітіп жатыр деп ойлаймын.  

Мұрат Жұманбай, «Азаматтарға арналған үкімет МК» Қоғаммен байланыс департаментінің директоры:

- Осы жоғарыда айтылған үш қызметтің уақыт бойынша регламенттері бар. Осы халыққа қызмет көрсету орталығында олар қатаң сақталады және бұзылған жағдайда тиісті шаралар қолданылып, бұл бойынша қатаң бақылау жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы