389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қапшағайда жаңа жағажай ашылды

  • 841
  • UPD: 19:21, 25.06.2018
Қапшағайда жаңа жағажай ашылды

Қапшағай жағалауы да қазір заманға сай абаттандырылып, демалыс орындары қайта жарақтандырылып жатыр.

Соңғы екі жылдың ішінде қаланың инфрақұрылымы 40 пайызға жаңарған. Жергілікті билік енді ішкі туризмнің үлесін арттыруды көздеп отыр.

Биылғы жазғы демалыс маусымындағы басты жаңалық жаңа жағажайдың ашылуы болды. Мұнда саябақтан бастап көлік тұрағы және жүргінші жолдары сынды қажеттіліктердің бәрі жасалған. Доп қуып, түрлі спорт жарыстарын өткізетін жерлер де қарастырылған. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында кәсіпкерлерге жағажай аумағынан арнайы орындар бөлінген. «Қазір мұнда қызмет көрсету сапасы да жақсарып келеді», – дейді демалушылар.

Талғат Қайнарбеков, Қапшағай қаласының әкімі:

- Коммуналдық шаруашылықта баланста тұрған жағажайларымыз бар. Жеті жағажай. Соның бірінші жағажайын биыл бітірдік. Әрине, мұның ішіне кіретін біздің шағын және орта кәсіптің алаңдары, спорт саласын да әрі қарай дамыту. Жағажай волейболы, жағажай футболы сынды нысандар бой көтеріп жатыр.

Қапшағай қаласында коммуналдық шаруашылық қызметі қайта жаңғыртылып жатыр. Тозығы жеткен 32 көпқабатты үй сүріліп, тұрғындары жаңа үйге көшірілді. Жолдар жаңартылып, аулаларға ойын алаңдары, тұрғындарға жайлы демалатын орындар жасалған. Өткен жылы облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлініп, 29 аула жаңартылыпты. Биыл да бүл иігілікті іс жалғасын таппақ. 

Мақпал Мыса, Қапшағай қаласының тұрғыны:

- Балаларымыз үшін де үлкен қуаныш. Себебі, мен 22-үйде тұрамын. Артқы жағында футбол алаңы орналасқан және кішкентай балаларға арналған ойын алаңы бар. Балам футболды жақсы көреді. Күнде таңертең тұрып сол алаңға қарай жүгіреді.

Әлеуметтік бағдарлама аясында бұқаралық спортты дамыту ісі де қарқын алып келеді. Ескі спорттық алаң орнына жаңа стадион салынып, әртүрлі жаттығу құралдары қойылған. Қазір спортпен айналысқысы келетін жастар жаңа алаңда жаттығып, доп теуіп жүр. 

Жаннұр Нұрбай, мектеп оқушысы:

- Мын алаңда допты тебу өте ыңғайлы. Мен Лионель Месси сияқты болғым келеді.

Өткен жазда Қапшағайға демалуға 500 мыңнан аса қонақ келген. «Биыл енді олардың қатары 800 мыңнан асады», – дейді жауапты мекеме өкілдері.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы