364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің 5 облысында жемқорлық фактілері тіркелді

  • 350
  • UPD: 17:32, 12.07.2018

Бір аптаның ішінде еліміздің бес бірдей өңірінде пара алу дерегі тіркелді.

Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілердің арасында лауазымды тұлғалар аз  емес. Мәселен, Ақтөбеде облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары ұсталды. Оған құрылысқа бөлінген қаржыны жымқырды деген айып тағылып отыр.

Нұрлан Жахин, ҚР МҚІСЖҚІА ресми өкілі:

- Жүргізілген құрылыстық-экономикалық сот сараптамасының аталған нысандар бойынша төленген, бірақ атқарылмаған жұмыстардың жалпы сомасы 12 миллион теңгенің құрағаны анықталды. Аталған залал құрылыстық-экономикалық сот сараптамасының қорытындысымен дәлелденген. Жылпы Аңшыбаевқа және өзге де тұлғаларға қатысты жымқыру дерегі бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді.

Осы категория бойынша: « Елордалық емханаларда бахила сату тоқтатылды Оралда екі сауда үйі уақытша жабылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы