365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен 270 үй салынады

  • 218
  • UPD: 11:45, 16.07.2018

Ақмола облысының Аршалы ауданында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 270 үй салынады.

Қазір аталған баспаналардың жер телімдеріне инфрақұрылым тартылып жатыр. Осылайша алдағы жылдары аудан орталығынан су жаңа шағынаудан пайда болады. Бұдан бөлек, көпқабатты үйлер де салынады.

«Нұрлы жер» бағдарламасымен салынатын 270 жер үйдің 200-і аудан орталығынан, ал қалғандары Аршалының жанындағы Ақбұлақ ауылынан бой көтереді. Қазір аталған жер телімдеріне су құбыры тартылып жатыр. Онан соң жарық жеткізіліп, жол салынады.

Азамат Тайжанов, Аршалы ауданының әкімі:

- Биылғы жылға жер телімдеріне инфрақұрылымды өткізіп, одан кейін «Тұрғын үй жинақтау банкімен» бірге осы құрылысты бастап, үйлер салып, дайын үйлерді кезекте тұрған адамдарға беру жоспарлануда. Жоспар бойынша екі жылдың ішінде үй құрылысы бітеді деп ойлап отырмыз.

Аудан орталығында жыл сайын көпқабатты тұрғын үйлер де салынып келеді. Мәселен, 45 пәтерлі үй өткен қыста пайдалануға берілген. Тінәлиндер отбасы бұл баспананы 10 жыл күтіпті. Оларға 3 бөлмелі пәтер бұйырған.

Дина Тінәлина, Аршалы ауылының тұрғыны:

- Біз осындай үйлердің салынып жатқаны үшін жергілікті билікке рақметімізді айтамыз. Аршалы үшін бұл – қуанышты жаңалық. Қаншама адам баспаналы болып жатыр. Үйіміз мектеп, балабақша, аурухана секілді мекемелердің барлығына жақын орналасқан.

Аршалы ауданы Астананың іргесінде орналасқан. Мұнда халық саны жыл санап көбейіп келеді. Мәселен, қазір аудандағы 30 мыңға жуық тұрғынның 10 мыңдайы пәтер кезегінде тұр. «Сондықтан алдағы уақытта мұнда тұрғын үй құрылысы жанданады», – дейді жергілікті билік өкілдері.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында ақтөбелік азаматтан 40 келіден астам марихуана тәркіленді 2018 жылы Ақтөбе облысында 720 шақырым жол жөнделеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы