368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы «Түнгі сот» жобасының нәтижелері жария етілді

  • 200
  • UPD: 18:51, 27.07.2018

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты бірінші жартыжылдықты қорытындылап, «Түнгі сот» пилоттық жобасының алғашқы нәтижелерін жария етті.

Судьялардың мәліметіне сәйкес, соңғы 6 айда 17 мыңнан астам іс келіп түскен. Жыл басынан оның 16 жарым мыңы қаралды. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 1,8 процентке көп. Ал сынамалы жоба аясында 537 іс қаралып, 539 адамның құқығы қорғалды. Жиі қаралатын әкімшілік істердің көбі жол көлік оқиғалары. Сонымен сот күніне шамамен 30 құжат бойынша шешім шығарып, 3 айлық процедура 2 аптаға қысқарып отыр. Бұл бірінші кезекте жұмыстан тек кешкі мезгілде босай алатын азаматтарға қолайлы екен. Олардың айтуынша, тың жоба жыл соңына дейін жалғасып, алдағы уақытта заңнамалық деңгейде күшіне енуі мүмкін.

Айта кетейік, «Түнгі сот» пилоттық жобасы сағат 18:30-дан түнгі 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Арнайы құрылған кесте арқылы судьялардың 8 сағаттық жұмыс режимі сақталады, дейді мамандар.

Қанат Иманәлиев, қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы:

- Мақсаты барынша жол көлік апаты оқиғасы бойынша істерді барынша қарау мерзімін қысқарту. Яғни бұл жобаның шарты егер де жол көлік оқиғасы болса, 2 шарты бар. Біріншіден 2 тараптың келісімі болуы керек. Екінші шарты айыпталған жүргізуші кінәсін мойындау керек. Егер 2 шарт орындалса бұл түнгі соттың қарауына жолданады.

Осы категория бойынша: « ҚР Бас прокуратурасы: Ауыр қылмыс жасағандар амнистия бойынша босатылмайды Қазақстандық велотрекші Андрей Чугай Қытайдағы жарыстан қос алтын алқа тақты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы