374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде жылу маусымына дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр

  • 186
  • UPD: 08:22, 30.07.2018

Семейдің жылу орталықтарында алдағы қыс маусымына әзірлік күшейді. Қазандықтарда жабдықтарды жөндеу мен ауыстыру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Бүгінде жоспарлы меженің 60 пайызы орындалды. Оған 25 техника мен жүзден астам маман жұмылдырылған. Қазан айына дейін барлық жұмысты толық аяқтау көзделіп отыр. Сонымен қоса бірінші жылу энергетикалық орталығында бу қазандығын монтаждау жұмысы басталды. Ол қолданысқа енген соң орталықта электр энергиясы өндіріле бастайды.

Айта кету керек, қала тұрғындары үшін соңғы 20 жылда жаз мезгілінде алғаш рет ыстық су берілді. Бұл ретте қазандықтарға күн сайын қатты отын жеткізу мәселесі де оңтайлы шешілген. Қазіргі таңдағы көмір қоры 14 мың тонна.

Расылхан Жолдасов, «Жылукоммунэнерго» МКМ директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:

- Біз су да беріп жатырмыз, котельдерін де жөндеп жатырмыз. Енді 1 қазаннан бастап, халыққа, мектептерге, ауруханаларға, әлеуметтік нысандарға жылу беруіміз керек. Жылуды ыстық су беріп тұрған қазандық жылуға қосылып кетеді. Ал істемей тұрған котельняны қыркүйектің 20-ан кейін қосамыз да 1 қазанда суын да, жылуын да береміз. Оған ешқандай кедергі жоқ.

Осы категория бойынша: « Маңғыстау облысында 3 ауылдың арасына алғаш рет асфальт төселіп жатыр ШҚО-дағы ауылдардың 97 пайызы таза сумен қамтылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы