365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда көгілдір отын мен ауызсу бағасы арзандады

  • 186
  • UPD: 21:21, 02.08.2018
Атырауда көгілдір отын мен ауызсу бағасы арзандады

Атырау қаласында 1 тамыздан бастап көгілдір отын мен ауызсу бағасы арзандады.

Бұл тұрғындар үшін қуанышты жаңалық болғанымен, оған монополист компаниялар амалсыздан барып отыр. Себебі монополияға қарсы комитет «Атырау су арнасы» мекемесін тексеріп, 139 миллион теңгені тұтынушылардан артық алғанын дәлелдеген. Бекітілген ережеге бағынбаған «Атыраугазаймақ» мекемесінің көлденең кірісі 30 миллион теңгеден асады. Сөйтіп, құзырлы орган өкілдері екі компанияға негізсіз тапқан пайдаларын кері қайтаруды міндетті. Нәтижесінде 1 тамыздан бастап Атырау қаласында газ бен судың бағасы 3 пайызға төмендеді. Аталған тариф бір жыл бойы қолданыста болады.

Осы категория бойынша: « ШҚО-ның орманды алқаптарында жыл басынан бері 95 ірі өрт оқиғасы тіркелген Жекешелендіру: Жыл соңына дейін 87 нысан саудаға шығарылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы