374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде ешқандай мешіт сүрілмейді

  • 201
  • UPD: 21:42, 03.08.2018

Кешелі бері көпшілікті алаңдатып, көңілін күпті еткен «мектеп маңындағы мешіттер жойылады» деген ақпарат жалған.

Қоғамдық даму министрлігінің өкілі Балғабек Мырзаев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде елімізде діни ғимаратты салу және оның орналасатын орны арнайы стандарт бойынша бекітілген. Бірақ онда мешіттердің білім ошағынан 300 метр алыс орналасуы керек деген талап жоқ. Бүгінде елімізде 3 мың 720 діни бірлестік ресми тіркелген. Олардың 2 мың 6 жүзден астамы исламдық бағытта.

Айта кету керек, елімізде мешіт салу жүйесі де жолға қойылған. Яғни кез келген адам өзінің ата-бабасына арнап мешіт салып, атау бере алмайды. Ол үшін діни бірлестікке рәсімдеп, жергілікті органдардың келісімін алуы қажет.

Балғабек Мырзаев, Қоғамдық келісім комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы:

- Білім беру мекемелерінен 300 метрден жақын орналасқан діни ғимараттар сүрілуге жатады деген ақпарат – қате ақпарат. Қазіргі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, бүгінгі күні еліміздің аумағында қандай да бір діни ғимарат сүрілуге жатпайды. Белгілі болғандай, 2015 жылғы 23 сәуірдегі №127 бұйрық бар. Сол бұйрықта анық жазылған. Бұл жерде қандай да бір 300 метр деген талап жоқ. Сондықтан қолданыстағы  заңнамалармен өзіміз мұқият танысқанымыз жөн болады.

Осы категория бойынша: « Елімізде кедергілерге тап болған кәсіпкерлерге арнайы мекеме мамандары көмектеседі Маңғыстау облысында халықаралық «Теңіз-2018» оқу-жаттығуы аяқталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы