365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БЗЖҚ салымшыларының есепшотына түскен таза инвестициялық табыс 56,4 млрд теңгеге жетті

  • 166
  • UPD: 08:13, 08.08.2018

Жыл басынан бері Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры салымшыларының есепшотына түскен таза инвестициялық табыс сомасы төрт жарым пайызға артып, 356,4 миллиард теңгеге жетті.

Ал қордың зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,4 триллион теңгені құраған. Бұл мәліметтерді 2018 жылдың алғашқы жартысын қорытындылаған Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры сарапшылары айтты. Сондай-ақ қор басшылары әлемдік нарықтағы соңғы жаңалықтар мен проблемалық эмитенттерге де тоқталды. Сарапшылардың айтуынша, соңғы уақытта нығая түскен АҚШ доллары қордың инвестициялық табыстылығына тиімді әсер етіп отыр.

Айта кетейік, мұндай құнды қағаздардың үлесі 20 пайыздан аспайды. Сонымен қатар зейнетақы қоры Қытай мен Үндістан нарығының құнды қағаздарын сатып алған.

Сәуле Егеубаева, «БЗЖҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Алғашқы жартыжылдықта 65 миллиард теңге көлемінде сатып алынған қаржы құралдары S&P халықаралық стандарты бойынша «А» класы деңгейіне жатады. Табыстылығы жылына 3 пайыз АҚШ долларын құрайды. Бұл – өте жоғары табыс. Сондықтан сенімді инвестиция деп айтуға болады.

Бұдан бөлек қор қызметкерлері проблемалық эмитенттермен жұмыс істеп жатыр. Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры Заң департаментінің директоры Назым Бақтыбаевтың айтуынша, 20 компания бойынша жалпы қарыз көлемі 40 миллиард теңгеге жеткен.

Айта кетейік, 2014 жылы зейнетақы активтерін шоғырландыру нәтижесінде қор қоржынына өткен 32 эмитенттің берешегінің жалпы көлемі 160 миллиард теңгеден асып жығылған. Солардың бірі «Қазақстан қағазы» компаниясына қатысты 2017 жылдың желтоқсанында оңалту шаралары тоқтатылып, компания банкротқа ұшыраған болатын. Бұл шешіммен келіспеген қор биыл Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына шағым түсірген.

Назым Бақтыбаев, «БЗЖҚ» АҚ заң департаментінің директоры:

- Бұл эмитент Лондонның жоғарғы сотын өз пайдасына шешкен болатын. 112 миллион доллар көлеміндегі тұтқындалған активтерден бөлек эмитенттің Лондонда 25 миллион АҚШ доллары болатын тағы 6 нысаны анықталған. Бұл жылжымайтын мүліктердің меншік иесі Кипр компаниялары болып табылады. Эмитент қазіргі уақытта Лондон сотының активтерді уақытша тоқтату туралы шешімін алды. Алайда бұл мәселе бойынша соңғы отырыс биыл 31 қазанда болады.

Осы категория бойынша: « Мамандар: Семей полигонында 50 мың текше метрге жуық радиациялық қалдықтар бар Павлодарда қазақстандық майдангерлерді іздеуге арналған үшінші жасақ құрылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы