374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаты ҰҚК шекара қызметі әскери бөлімінде болды

  • 269
  • UPD: 22:07, 22.08.2018

Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан Өскемендегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 20/34 әскери бөлімі штабында болды.

Еркін әңгімеде әскерилер өздерін баспана мәселесі толғандыратынын айтты. Олардың айтуынша, өзге әскери мамандарға қарағанда шекара сақшыларының мемлекеттік бағдарламамен пәтер алуы қиындап кеткен. Осы ретте депутат облыстағы 15-ке жуық шекара заставасын аралап шығуды жоспарлап отыр.

Құдайберген Ержан, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: 

- Әскери азаматтардың азық-түлігі,киім-кешекпен қамтылуы, баспана мәселелерін тексеріп көріп шығу, бұл енді әскери азаматтардың қолындағы шаруа емес, бұл мәселелердің бәрін шешу керек. Астанада отырған министрліктер, шекара қызметінің дирекциясы бар, сол жақта бұл мәселелерді көтеріп, қаржы бөлу жолдарын қарастырамыз.

Осы категория бойынша: « Көкшетау тұрғындары толассыз жауыннан әбігерге түсті Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы кәсіпорындарды аралады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы