374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда қаланың даму жоспарында кешеуілдеу бар

  • 110
  • UPD: 13:52, 12.09.2018

Көкшетау қаласындағы Қопа көлінің жағалауын дамыту жоспары бір жылға кешіктіріліп келеді.

Өткен жылы тамыз айында қолға алыну керек болған жобалық-сметалық құжаттар әлі күнге дейін жасалмапты. Ал жоспар бойынша биыл құрылыс жұмыстары басталып кетуі тиіс еді.

Илуа Әбенов, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекшісі:

– Қопа көлінің жағалауын дамытудың алғашқы кезеңі Кенесары көшесінің тұсынан басталып, «Жансая» тұрғын үй кешенінің маңынан аяқталады. Одан әрі «Көктем» мөлтек ауданынан вокал академиясы салынады.

Бұл қаланың бас сәулетшісінің осыдан 9 ай бұрын шаһардың жаңа жоспарын таныстыру барысында берген сұхбаты еді. Тіпті осы таныстырылымға еліміздің түкпір-түкпірінен мықты сәулетшілер мен жобалаушылар да келіп, бүкіл Көкшетауды гүлдендіру бағытындағы өз идеяларымен бөліскен болатын.

Любовь Нысанбаева, Қазақстанның қала құрылысын салушылар одағының президенті:

– Біз ұсынып отырған жоба бойынша теміржол вокзалы маңындағы екіқабатты ескі үйлерді ысырып, оның орнына жаңа көпқабатты тұрғын үйлер салу керек. Филармонияның маңайы саябаққа айналуы тиіс. Теміржол және автовокзал күрделі жөндеуден өткізіледі. Бұл жұмыстарға тиісті қаражат бөлінсе, жоба жеті жылдың ішінде жүзеге асырылады.

Алайда осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар қазір өте сылбыр. Әсіресе, Қопа көлінің жағалауын дамыту жоспары әлі күнге дейін бекітілмеген. Ал жоба 2020 жылға дейін аяқталуы тиіс болатын.

Дамир Берікұлы, тілші:

– Ал облыс және қала әкімдіктеріндегі жауапты тұлғалар «бұл жерде әркім өз кінәсін мойындады, жұмыстар әрі қарай жалғастырылады» деп мәлімет берсе де, аталған бейнежазбада айтылған кемшіліктер мен олқылықтарға қатысты сұхбат беруден бас тартып отыр.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Осы категория бойынша: « Алматыда Ұлттық ғылым академиясының кеңейтілген сессиясы өтіп жатыр Қостанай облысында электр қуатының бағасы арзандады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы