374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде күзгі әскерге шақырту басталды

  • 149
  • UPD: 22:00, 14.09.2018
Елімізде күзгі әскерге шақырту басталды Ак Жайык

Биыл күзде еліміз бойынша әскер қатарына 17 мыңнан астам жас шақырылады.

Олар 1992-2000 жылдар аралығында дүниеге келген азаматтар. Отан қорғауға аттанатын жігіттер алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы анықталғаннан кейін әскери бөлімдерге жіберіледі. Әскерге шақырылғандар шекара қызметі мен Ұлттық ұлан гвардиясында, сондай-ақ Қарулы күштердің басқа да бөлімдерінде әскери борыштарын өтейтін болады.

Ардақ Кукатов, ҚР ҚК Департаменті бастығының міндетін атқарушы:

- Енді бүгінгі таңда қыркүйек айынан бастап әскерге кезекті шақыру басталды. Бұл шақыру желтоқсан айына дейін созылады. Желтоқсанға дейін 17 мыңнан астам жасөспірімді әскер қатарына шақыруымыз керек.

Осы категория бойынша: « Ақмола облысында егін орағынан оңтүстік аудандар көш бастап келеді Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы